Алматы
+77272 216961
Астана
+77172 279289
Өскемен
+77232 578570

Компания туралы

«РБТ-Қазақстан» жеке және іскерлік сапарларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынатын кәсіби агентство болып табылады. Компания 2011 жылы құрылған, туристік қызметке лицензиясы № 11002701.

Компания құрамында – саланың брондау жүйесінің және жеткізушілермен жұмыс істеудің барлық қыр-сырын жақсы білетін, қызметті пайдаланушылармен ұзақ мерзімді қатынастар жасауға бағытталған тәжірибелі кәсіпқойлар еңбек етеді.

Біз жеке тұлғалармен жұмыс істейміз, сондай-ақ, корпоративтік шарт бойынша компаниялармен қарым-қатынас жасаймыз.

Біз біздің қызметімізді пайдаланатындарға әлемдік стандарттар деңгейінде бүгінгі заманғы, қолайлы және сапалы сервис ұсыну үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.

«РБТ-Қазақстан» халықаралық FCm Travel Solutions жүйесінің бөлігі болып табылады және іскерлік сапарларды ұйымдастыру және корпоративтік қызмет пайдаланушылар үшін іссапарларға шығыстарын басқару жөнінде толық қызметтер спектрін ұсынады. FCm Travel Solutions әлемнің 90 елінен артығын қамтиды және индустрияның әлемдік көшбасшыларының бірі болып табылады.

«РБТ-Қазақстан» - IATA — Әуе Көлігі Халықаралық Қауымдастығының мүшесі.

Задать вопрос