
Авиабилеттерді брондау және ресімдеу
Сіз біздің офистерде немесе өзіңіз онлайн режімде барлық бағыттар бойынша халықаралық және ішкі рейстерге авиабилеттерін брондай аласыз.
Біз мыналарды ұсынамыз:
- Авиабилеттерін халықаралық және жергілікті брондау жүйелерін пайдаланып, өз офистеріңізде ресімдеу
- Ұшу бағытын және оның бірнеше нұсқаларын әзірлеу
- Барынша тиімді тариф таңдау, авиабилеттерге жеңілдіктер – жасына байланысты, промо тарифтер
- Бағыттар бойынша бағыт құнын есептеу
- Тариф қолдану, ресімдеу және төлемақы төлеу мерзімдері туралы хабардар ету
- Арнайы тарифтерді сұратып, топтық сапар ресімдеу
- Ұшақ бортында мынадай қосымша қызметтерді брондау: салондағы белгіленген орын, арнайы тамақ, нәресте үшін арнайы бесік, үй жануарларын тасымалдау және т.б.
Туристік қызметтер ұсыну
- Іскерлік және туристік визаларды ресімдеу жөніндегі қызметтер
- Топтық және жеке турлар
- Қазақстанда және бүкіл дүние жүзі бойынша қонақ үй брондау
- «Әуежай – Қонақүй – Әуежай» трансферлерін ұйымдастыру
- Әуежайларда VIP қызметін көрсету
- Топтық және VIP деңгейдегі чартерлік тасымалдауды ұйымдастыру
- Семинарлар, конференциялар және іскерлік кездесулер ұйымдастыру жөніндегі қызметтер
Корпоративтік қызмет көрсету
«РБТ-Қазақстан» халықаралық FCm Travel Solutions жүйесінің бір бөлігі болып табылады және корпоративтік қызметті пайдаланушылар үшін іссапарларға шығыстарын басқару жөнінде толық қызметтер спектрін ұсынады.
«РБТ-Қазақстан» — мен неге корпоративтік шарт жасау қажет екендігінің
10 себебі :
- Саяхат және іскерлік сапарлар ұйымдастыру жөніндегі ақыл-кеңес және ақпараттық қызмет ұсыну
- Бір шартта толық қызметтер пакеті
- Бухгалтерлік есептілік және ілеспе құжаттар беру
- Компанияның іссапар шығыстары бойынша талдау статистика жүргізу
- Қызмет пайдаланушыларға білікті қызмет көрсету, құпиялылық
- Әрбір қызмет пайдаланушыға жеке қызмет көрсету: жеке менеджер-үйлестіруші, агент, бухгалтер
- Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қызмет пайдаланушының компаниясы қызметкерлеріне жеке профайл жасау
- Тасымалдаушылардың бонустық бағдарламалары туралы хабардар ету, жиі ұшатын жолаушыларды бонустық бағдарламаларда тіркеу
- Икемді төлемақы жүйесі
- Тасымалдаушылармен тікелей шарттық қатынастар
Төлемақы төлеу түрі
Біз төлемақы төлеудің қолайлы түрін ұсынамыз. Сіз авиабилеттерге немесе кез-келген басқа да қызметтерге банк картасымен төлемақы төлей аласыз.
Заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша (алдын ала төлем жасау немесе нақты ресімделген тасымал үшін төлемақы төлеу) төлемақы төлеуге және корпоративтік төлем картасымен төлемақы төлеуге болады.
