Алматы
+77272 216961
Астана
+77172 279289
Өскемен
+77232 578570

Жария оферта шарты

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы авиабилеттерді брондау, ресімдеу және сату қызметтерін көрсету шарттары жария оферта болып табылады, осы оферта арқылы «РБТ-Қазақстан» ЖШС-ы (бұдан әрі мәтін бойынша – Орындаушы) мына төмендегі шарттармен www.rbt-travel.kz ресми сайтын пайдалана отырып, авиабилеттерді сатып алу жөнінде шарт (бұдан әрі – Шарт) жасауды ұсынады.

1.2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 395-бабына сәйкес, осы құжат, сондай-ақ, интернет-сайтта берілген қызметтер туралы ақпарат жария оферта болып табылады.

1.3. ҚР АК 396-бабының 3-тармағымен көзделген тәртіппен кез-келген тұлғаның www.rbt-travel.kz ресми сайты арқылы авиабилеттерді сатып алу жөнінде жасаған іс-қимылдары аталған тұлғаның осы офертаның барлық шарттарын қабылдағандығын айғақтайды. Осы офертаның шарттарын толық және сөзсіз қабылдау (акцепт) тұлғаның, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталушының, сатып алынған билеттердің төлемі есебіне төлем жасауы және Тапсырыс берушінің ақы төлегенін растайтын тиісті құжат алуы болып табылады.

1.4. Жоғарыда баяндалғандар негізінде саяси оферта мәтінімен мұқият танысыңыз, және егер Сіз офертаның қандай да бір тармағымен келіспейтін болсаңыз, онда Сізге авиабилеттерді сатып алудан және/немесе Орындаушы ұсынатын қызметтерді пайдаланудан бас тарту ұсынылады.

1.5. Осы офертідегі, егер мәнмәтін өзгесін қажет етпесе, төменде келтірілген терминдердің мынадай мәні бар:    

• «Оферта» — Орындаушының онымен Шарттағы талаптармен, оның барлық ережелерін қоса, сатып алу-сату шартын жасауға (бұдан әрі – Шарт) кез-келген жеке тұлғаға (азаматқа) жолдаған жария ұсынысы.    

• «Орындаушы» - интернет-сайтта ұсынылған электрондық жолаушы авиабилеттерін және жолжүк түбіртектерін брондау, ресімдеу және сату қызметін көрсететін компания.   

• «Тапсырыс беруші» — іс-әрекетке қабілетті, 18 жасқа толған, Орындаушымен шарттық қатынастар жасауға, оның ішінде өз мүддесіне немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне www.rbt-travel.kz интернет-сайтына Тапсырыс орналастыруға заңды құқығы бар, немесе Шарттағы талаптармен тек жеке өзінің, үйінің және өзге де қажеттіліктер үшін www.rbt-travel.kz сайтында сатып алған қызметтерді өзге де бір түрде пайдаланатын жеке тұлға.    

• «Тасымалдаушы» — сатып алған билет бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпания. Оның атынан «Орындаушы» іс-қимыл жасайтын компания.      

• «Акцепт» — Тапсырыс берушінің Шарт талаптарын толық және сөзсіз қабылдауы.    

• «Тапсырыс» —интернет-сайтта ұсынылған азаматтық авиациядағы электрондық жолаушы билеттерін және жолжүк түбіртектерін брондау (ресімдеу) және сату қызметін алуға Тапсырыс берушінің тиісінше ресімделген сұратуы.  

• Оператор – Тапсырыс берушінің Тапсырыстарын өңдейтін Орындаушының уәкілетті тұлғасы.    

• Интернет-сайт – Орындаушының Интернетте HTTP / HTTPS хаттамалары арқылы қол жетімді, www.rbt-travel.kz доменді атаулары және одан кейінгі деңгейдегі барлық доменді атаулармен біріктірілген электрондық құжаттар (файлдар) жиынтығы.

2. Шарттың мәні

2.1.  Агент Тасымалдаушы атынан және есебінен жолаушы авиатасымалдауды брондау, ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді көрсетеді. Ол бұл қызметтерді Тасымалдаушының қолданыстағы тарифтеріне, ережелеріне және тасымалдаушының тарифтерін қолдану ережелеріне сәйкес www.rbt-travel.kz интернет-сайты арқылы көрсетеді.

2.2. Осы Шарт және оған барлық қосымшалар Орындаушының ресми құжаттары және Офертаның ажырамас бөлігі болып табылады. Жоғарыда аталған құжаттардың әрқайсысының қолданыстағы нұсқасы Орындаушының www.rbt-travel.kz интернет-сайтында орналастырылған.

3. Тапсырысты орналастыру

3.1. Тапсырысты Тапсырыс беруші интернет-сайтқа жеке ресімдеу, электрондық байланыс арқылы жүзеге асыруы немесе Орындаушының Операторымен телефон байланысы арқылы келісуі мүмкін.

3.2. Тапсырысты интернет-сайтқа орналастыру (тіркеу) кезінде, Тапсырыс беруші толтыру үшін «міндетті» ретінде брондау жүйесінің тіркеу нұсқасындағы барлық алаңдарды толтыру жолымен өзі туралы қажетті ақпаратты көрсетуі қажет.

3.3. Орындаушы Тапсырыс берушінің тіркеу деректерін www.rbt-travel.kz интернет-сайтта, сондай-ақ, Тапсырыс берушінің жеке деректеріне қатысты өзге де ақпаратты тапсырысты орындауға қатысы жоқ тұлғаларға хабарламауға міндеттенеді. Интернет-сайтта тіркеу процесі аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге пайдаланушының бірегей атауы (логин) және пароль беріледі.

3.4. Авиабилеттерді ресімдеу Орындаушыға Тапсырысқа төленген төлем келіп түскен сәттен бастап 24 сағаттан артық емес уақыт ішінде жасалады.

3.5. Тапсырыс беруші Тапсырысты орналастыру кезінде ұсынылған ақпараттың мазмұны және растығы үшін жауапты болады. Тапсырыс беруші интернет-сайтта оның есептік (тіркеу) жазбасымен жасалған кез-келген іс-қимыл үшін дербес жауапты болады. Орындаушы тіркеу кезінде Тапсырыс беруші ұсынған ақпараттың дәлдігіне және дұрыстығына жауапты болмайды.

3.6. Ресімделген Тапсырыстағы кез-келген жолаушының жеке деректерінің өзгеруі Тапсырыста келісілген тарифтердің күшінің жойылуына алып келеді, себебі жолаушының Тапсырыстағы бұл деректерін өзгерту үшін оның күшін жою қажет және жаңадан ресімдеу қажет. Осылайша, Тапсырыс беруші жеке деректерді беру кезінде қателіктерге, дәлсіздіктерге жол бермеу жөніндегі оның кінә іс-қимылдарына байланысты болуы мүмкін барлық коммерциялық тәуекелдерді (жаңа Тапсырыс ресімдеу, тарифті өзгерту, ақша қаражатын қайтару және тағы басқаларды) өз жауаптылығына алады.

3.7. Сайтта Тапсырысты ресімдеу кезінде Қызмет алушы мынадай жеке деректерді ұсынады:

Тегі, Аты;

Жеке куәлігінің сериясы және нөмірі;

Электрондық поштасының мекен-жайы;

Жедел байланыс телефонының нөмірі;

Жиі ұшатын жолаушылардың бонус картасының нөмірі;

Жеткізу мекен-жайы,

осылайша, Қызмет алушы Компанияның бөліп сатып алу-сату шартын орындау, Қызмет алушыны ынтымақтастық шарттары және рынокта тауардың ілгері жылжуы туралы хабардар ету мақсатында мұндай деректерді шектеусіз мерзімде өңдеуіне өз келісімін түсіністікпен және шүбәсіз білдіреді.

4. Тапсырысқа төлемақы төлеу

4.1. Төлемақы Орындаушының есеп айырысу шотына қажетті ақша сомасын аудару жолымен қолма-қол ақшасыз тәртібімен, не Орындаушының кассасына ақшалай қаражатты қолма-қол салу немесе кредит картасымен электрондық төлем жүйесі арқылы ақшалай қаражат аудару жолымен жасалуы мүмкін.

4.2. Төлемақы төлеу күні Орындаушының есеп айырысу шотына, не кассасына ақшалай қаражаттың түсу күні болып табылады.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5.1. Орындаушы мыналарға міндеттенеді:

5.1.1. Тапсырыс алынған сәттен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушінің www.rbt-travel.kz ресми интернет-сайты арқылы авиабилет сатып алуға тапсырысында көрсетілген тиісті нөмір мен мекен-жайға телефон байланысы және электрондық хат арқылы осы тапсырысты және Тапсырыс берушінің қалауын ескере отырып, авиабилет беру мүмкіндігін растау.

5.1.2. Тапсырыс беруші мәлімдеген шарттарда авиабилеттерін беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұл туралы Тапсырыс берушіні хабардар ету және оған балама шарттарда ұшуды ұсыну.

5.1.3. Тапсырыс берушіге төлем жасалған авиабилеттерін алу үшін қажетті ақпарат және құжаттарды беру, сондай-ақ, Астана уақытымен 09 сағат 00 минуттан 19 сағат 00 минутқа дейін телефон және электрондық пошта арқылы немесе өзінің техникалық қолдау жасау тобының күшімен басқа да коммуникация құралдарын пайдаланып, авиабилеттерін сату интернет- жүйесімен жұмыс істеу тәртібі және қағидаларына қатысты технологиялық және ақыл-кеңес беру қолдауын жүзеге асыру.

5.1.4. Тапсырыс беруші авиабилеттерден бас тартқан жағдайда Тасымалдаушы Орындаушыға есептеген айыппұл мен комиссиялық алым сомасын қоспағанда, төлем жасалған авиабилеттердің құнын қайтару. Авиабилеттерді қайтарғандығы үшін Тасымалдаушы есептейтін айыппұлдардың сомасы мұндай бас тартудың тасымалдау күніне дейінгі мерзіміне қарай Тасымалдаушының авиакомпанияның қызметін реттейтін қолданыстағы баға көрсеткіштері мен қағидаларында болады. Тапсырыс берушіге қаржы қаражаттарын қайтару Орындаушының Қазақстан, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі,41 мекенжайында орналасқан офисіне жеке басты куәландыратын құжат/оның өкіліне нотариальдық куәландырылған сенімхат ұсынған жағдайда, немесе қолма-қол ақшасыз Орындаушы Тапсырыс берушінің төлем реквизиттері бар хабарлама алған жағдайда Тапсырыс берушінің ағымдағы есепшотына жүзеге асырылады. Авиабилеттер үшін сомаларды қайтару сол төлем жасалған әдіспен жүзеге асырылады.

5.2. Тапсырыс беруші мыналарға міндеттенеді:

5.2.1. Осы офертаның шарттарына сәйкес авиабилет сатып аларда тапсырысты интернет-брондау жүейсіндегі брондау нысанының қажетті алаңдарын өзі және қызметті түпкі пайдаланушылар туралы жеткілікті және дәл ақпаратты, қажетті тасымалдау туралы мәліметтер – күнін, уақытын, бағытын, авикомпанияны және т.б., сондай-ақ, осы ұшуға қатысты өзінің тілектерін көрсетіп, толтыру.

5.2.2. Орындаушы авиабилеттерді Тапсырыс берушінің шарттарымен, немесе балама шарттармен сатып алу мүмкіндігін растаған жағдайда, 24 (жиырма төрт) сағаттан артық емес мерзімде тапсырыс берілген қызметтің құнын төлеу.

5.3. Орындаушының мыналарға құқығы бар:

5.3.1. Тапсырыс беруші осы офертаның кез келген тармағының шарттарын сақтамаған жағдайда оған одан әрі қызмет көрсетуден бас тарту.

5.3.2. Тапсырыс берушімен алдын-ала келіспей авиабилеттерді сату жөніндегі өз қызметтерінің құнын және осы жария офертаның шарттарын бір жақты тәртіппен өзгерту, мұндай жағдайда олардың күшіне енуіне дейін кемінде бір күн бұрын www.rbt-travel.kz интернет-сайтында өзгерген шарттарды жариялауды қамтамасыз ету.

6. Тапсырыстың күшін жою және өзгерту

6.1. Тапсырыстың барлық шарттары, оның ішінде: ресімделген Тапсырысқа (электрондық билет) қандай да болмасын өзгерістер енгізу, қызметтен бас тарту, ақшалай қаражаттарды қайтару, осы сияқты қызмет көрсетудің басқа да шарттары осы Шарт, ҚР заңнамасы, қызмет жеткізуші - авиакомпанияның қолданыстағы тарифтерді қолдану қағидалары, авиакомпаниямен жасалған әуемен тасымалдау шарты (электрондық билет ресімдеу арқылы), Қазақстан Республикасының жолаушыларды әуемен тасымалдауды реттейтін құқықтық актілерімен регламенттеледі.

6.2. Тапсырыс беруші Тапсырыстың барлық шарттарымен оны ресімдеу барысында танысады. Егер Тапсырыс берушіге Тапсырыстың кейбір шарттары, оның ішінде, бас тарту, қаржы қаражатын қайтару шарттары, ресімделген Тапсырысқа қандай да болмасын өзгерістер енгізу түсініксіз болса, онда Тапсырыс беруші оған қажетті ақпаратты Оператордан нақтылау қажет.

6.3. Егер Тапсырыс беруші Орындаушының өз міндеттемелерін орындауымен байланысты емес себептермен төлемақы төленген билеттен бас тартқан жағдайда, бұл жасалған шартты орындаудан бір жақты бас тартуға теңестіріледі де, Тапсырыс берушіге тиесілі қаржы қаражаттарын қайтару мынадай шарттармен жүзеге асырылады:

• пайдаланылмаған жол жүру құжаты Орындаушының офисінде, белгіленген қайтару мерзімдеріне сәйкес, оның нөмірі жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген, оның жеке тұлғасын растайтын құжатты ұсынғанда тек билетте көрсетілген жолаушыға ғана қайтарылады;    

• жол жүру құжаты үшін ақшаны қайтару қызмет жеткізушінің (тасымалдаушының) қызметін реттейтін ішкі қағидалар және прейскуранттармен көзделген айыппұл мен басқа да алымдар алынып, жүзеге асырылуы мүмкін.

Сервистік алым қайтарылмайды.

6.4. Тапсырыс беруші кейбір себептермен Тапсырыстың күшін жойғысы келген жағдайда, ол rbt-kz@mail.ru. электрондық мекенжайға Тапсырыстың күшін жою туралы хат жіберу жолымен Тапсырыстың күшін жоюы қажет. Тапсырыс берушіде мұндай мүмкіндік (интернетке қолжетімдіктің болмауы және т.б.) болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Оператормен телефон арқылы байланысуы және Тапсырыстың күшін жоюы қажет. Бұған қоса, Тапсырыс беруші қайтару туралы өтініш толтыруы қажет.

6.5. Орындаушы Тапсырыс берушінің интернет-сайтта тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекежайына «күші жойылды» делінген тапсырыс мәртебесімен хат жолдағаннан кейін Орындаушы Тапсырыстың күшін жойды деп есептелінеді.

6.6. Тапсырыс беруші төлемақы төленген Тапсырыстың күшін жойған жағдайда күші жойылған Тапсырыстың құны Орындаушының нақты шығыстары шегеріліп, келесі Тапсырыстарға төлем төлеу үшін Тапсырыс берушіге, оның Пайдалану есепшотына аударылады, немесе оның жазбаша өтініші бойынша Тапсырыс берушіге қайтарылады. Нақты шығыстар деп Орындаушының Тапсырыс берушінің Тапсырысын орындауды ұйымдастыру мақсатында шыққан шығыстары, оның ішінде билеттерді ресімдеу және авиатасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынатын тасымалдаушылар мен басқа тұлғалардың пайдасына айыппұл төлеу, сондай-ақ, Орындаушы қызмет көрсеткені үшін өндіріп алатын сервистік алымдарды төлеу шығыстары түсініледі.

6.7. Егер Тапсырыс берушінің Тапсырысы бойынша Орындаушы қағаз тасымалдағышта (қатаң есепке алынатын бланкіде) билет ресімдеп, Тапсырыс берушіге берсе, Тапсырыс беруші Тапсырыстың күші жойылған күні күші жойылған билетті қайтарып беруге міндетті.

6.8. Тапсырыс беруші брондау және көрсетілген қызметке төлемақы төлеу тәртібін және мерзімдерін бұзған жағдайда, Орындаушының алдын ала хабарлама бермей-ақ, Шартты кез-келген уақытта бұзуға құқығы бар.

6.9. Билеттерді сол арқылы билет алынған банк картасына қайтару кезінде қайтару мерзімі банк қызметтері және авиакомпаниялардың сұратуды өңдеу мерзіміне байланысты болады.

7. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі

7.1. Тараптардың осы офертамен белгіленбеген жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

7.2. Орындаушы Тапсырыс беруші көрсеткен уақытқа билет болмауы себебінен Тапсырыс берушіге қызмет көрсете алмағандығы үшін, сондай-ақ, Тапсырыс беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың дәл еместігі, жеткіліксіздігі немесе уақтылы еместігі салдарынан, сондай-ақ, Тапсырыс беруші тарапынан осы офертаның шарттарын басқа да бұзушылықтардың болуы салдарынан тасымалдауды өз тарапынан, сондай-ақ, Тасымалдаушы тарапынан талапқа сай орындай алмағандығы жағдайында жауапты болмайды.

7.3. Орындаушы ұсынылған тасымалдаудың Тапсырыс берушінің қалауына және/немесе оның субьективті бағалауына сәйкес келмегендігі үшін жауапты болмайды.

7.4. Егер осы орындай алмау, шарт жасалғаннан кейін, тараптар болжай алмаған, ақыл-парасатты шаралармен алдын-алуға келмейтін төтенше сипатты оқиғалардың (форс-мажор) нәтижесінде туындаған тежеусіз күш жағдайлардың салдары болса, мұндай жағдайда Орындаушы осы офертаның шарттарында көзделген міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағандығы үшін жауаптылықтан босатылады.

7.5. Жолаушы ұша алмайтын жағдайда, егер бұл проблемалар Тапсырыс беруші www.rbt-travel.kz.  сайтында сатып алған билетпен ұшу үшін визаның, оның ішінде транзитті визаның болуы қажеттігімен байланысты болса, Орындаушы жауапты болмайды.  

7.6. Ресімделген билеттерден кез-келген мерзімде бас тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға комиссиялық алым төлейді, авиабилетті сату жөніндегі өзге де шығындарының орнын толтырады, сондай-ақ, қолданылған тарифтерге қарай Тасымалдаушы Орындаушыға есептеген айыпұлдардың сомасын төлейді.

8. Өзге де талаптар

8.1. Шартты осы офертаның талаптарымен орындау кезінде туындаған даулар талап тәртібімен шешіледі. Талап Орындаушыға қойылатын талаптарды негіздейтін құжаттар қоса беріліп, жазбаша түрде беріледі. Егер тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен реттелмейтін болса, олар ҚР заңнамасына сәйкес сотта шешуге жатады.

8.2. ҚР АК 395-бабының 3-тармағына сәйкес, осы оферта қайтарып алмайтын болып табылмайды. Орындаушының осы Шарттың талаптарымен келіспейтінін білдіретін тұлғаларға Тапсырысты орналастырудан бас тартуға құқығы бар.

"РБТ-Қазақстан" ЖШС

Заңды мекенжайы: Өскемен қ., Протозанов көшесі,41-22

Пошта мекенжайы: Өскемен қ., Протозанов көшесі,41-22

СТН 181600276465

«Казкоммерцбанк» АҚ Банкісінде

БСН 110340016445

ЖСК KZ 769261001158631000

БСК KZKOKZKX

ҚҚС бойынша есепке қойылғандығы туралы куәлік

Сериясы 18001 № 0022274., 26.07.2012ж. берілген

Тел: (7232) 578-570

Факс: (7232) 240-214

E-mail: rbt-kz@mail.ru

"РБТ-Қазақстан" ЖШС директоры Т. Рыжкова

Задать вопрос